07.02.2025
Алакольская районная библиотека
????КӨШ КЕРУЕН АЛАКӨЛ ТӨРІНДЕ!
????Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен
Талдықорғандағы Мұхамеджан Тынышбаев
атындағы музейден бастау алған «Еңбекпен ер
атанған» көш керуені Айдынды өлке Алакөл
ауданының төріне арнайы ат басын тіреді.
????«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында
ұйымдастырылған шара кең ауқымды аталып өтіп жатыр.
????Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін тер төккен еңбек адамдарының жетістіктері, өнегелі өмір жолы өнер туындыларымен дәріптеліп, ән мен жырға арқау болды.
????Белгілі еңбек адамдары мен өнер иелеріне
құрмет көрсетуді мақсат еткен көш керуенде
"Еңбек адамы - ел тірегі" атты кітап көрмесі, Лепсі тарихи музейі мен Ә.Қастеевтің 120 жылдығына арналған кәсіпқой суретшілердің республикалық пленэрлік жұмыстары және галерея қорындағы еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып еңбегімен ер атанған тұлғалар Д.Қонаев, Н.Алдабергенов, H.Головацкий, З.Тамшыбаева, Битай Татенова, Адалят Зайнаудинова, Мәмилә Әлімбаева, Күләш
Айтжанова және т.б. фотосуреттері қойылып, аудан тұрғындарының назарына ұсынылды.
????Рухани кеш соңы Жетісу облысының
Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының
өнерпаздары дайындаған театрландырылған
қойылым мен концерттік бағдарламаға ұласты.