Оқиғалар

"ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ - ӘНУАР"

16.05.2025
9
Алакольская районная библиотека
Жетісу облысында көрнекті жазушы, мемлекет қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Шара Қабанбай ауылындағы қаламгердің бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан кейін мәдениет үйінің фойесінде музей жәдігерлері мен кітаптардан көрме ұйымдастырылып, жазушыға арналған бейнефильм көрсетілді. Осыдан соң «Әлемге әйгілі Әнуар» атты конференция өтіп, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып берді. Президент пен Мәжіліс Төрағасының құттықтау хаттары Қабанбай атындағы тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы, бас баяндамашы Нұрдәулет Ақыш Әнуар Әлімжанов мұрасы мен тұлғаларды танытудағы еңбегіне тоқталды. Филология ғылымдарының докторы, профессор, әнуартанушы Кәкен Хамзин жазушы шығармашылығының ғылыми зерттелуі жайлы баяндады. ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет жазушының халықаралық әдеби байланыстағы рөліне назар аударды. Қатысқандар саны: 200
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика