Оқиғалар

"ӨЛКЕ МҰРАСЫ ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ"

29.01.2026
103
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Өлке мұрасы – халық қазынасы» атты тарихи кешін ұйымдастырды. Бұл кештің себепкері өткен жылы «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен Қызылжар шайқасының 327 жылдығына орай «Felt Book–2025» облыстық кітап көрме-фестивалі аясында өткен кітап тұсаукесерінде 2023–2025 жылдары «Шалғай ауыл шырағы» жобасы аясында жүргізілген журналистік зерттеулер негізінде жарық көрген «Шалғай ауыл шырағы» кітабы таныстырылып, «Кітап сыйла» акциясы аясында республикалық, облыстық, аудан-қала кітапханаларына сыйға тартылды. Осы сыйға тартылған кітаптарды таныстырып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын Иманғалиев Қанатай Абяхметұлы қоғамдық бірлестіктің шығарған «Туған жер толғаулары» атты кітабы туралы айтып өтсе, Жанама ауылдық орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Серіков Қуаныш Жанатұлы қатысып, сыйға берілген кітаптар туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында кітапханамыздың библиографы А.Қабидоллақызы «Өлкемізді өзгелерде танысын» атты кітап көрмесімен таныстырып өтсе, кітапханашы Маржан Амангелдіқызы ақын Қанатай Иманғалиевтың «Анасыз өмір – өмір ме…» өлеңін тебірене оқыды. Кездесу соңында кітапхана директоры Ж.Омарова, тарих беттеріндегі жазылған құнды дүниені насихаттау әр азаматтың еншісінде деп шараны қортындыласа, орталық басшысы А.Садиев кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, рухани шараның маңызын атап өтті. Өлке тарихын ұлықтаған, рухани мұраны дәріптеген тағылымды кеш көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Қатысқандар саны 48
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика