10.02.2026
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Сәкен Иманасов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларының арасында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының жүрегі» атты поэзия сағаты өтті.Мақсаты: лирик ақын Мұқағали поэзиясын оқушыларға насихаттау , поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, ақынның еңбектері, естеліктері туралы кітап көрмесі қойылып, балаларды кітап оқуға шақырды. Қатысушылар ақынның Жүрекке жылы жырларын оқып, ән айтып би билеп өз өнерлерін көрсетті. Оқушыларға белсенділігі үшін Мақтау қағазы табысталды.