Оқиғалар

«АСҚАҚ ЖЫРДЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ» әдеби версинаж

«АСҚАҚ ЖЫРДЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ» әдеби версинаж
10.02.2026
30
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасы Мұхаметбай Мыңбай атындағы орта мектептің 7–10 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Асқақ жырдың ақиық ақыны» атты әдеби вернисаж ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына, өлеңдерінің шығу тарихына терең бойлады. Оқушылар ақын жырларынан жыр шашу айтып, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін танытты. З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің әншісі Назия Темірболатқызы қазақтың қара домбырасымен ақынның «Қарасазым», «Есіңе мені алғайсың» өлеңдерін әуезді әуенге қосып, кештің көркін аша түсті. Сондай-ақ, кітапханамыздың библиографы Айгүл Қабидоллақызы тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, оқырмандарды ақын мұрасымен жақыннан таныстырды. Рухани әсерге толы, поэзияға құрметпен өрілген кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика