Оқиғалар

"ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ! ЗАРДАБЫ ОНЫҢ ТЫМ КӨП"

10.02.2026
27
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ! Зардабы оның тым көп» атты мазмұны терең, тағылымы мол пікір алмасу сағаты өтті. Шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары белсене қатысып, қоғам дертіне айналған жемқорлықтың адам тағдырына, ел болашағына тигізер зияны жайында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында адалдық пен әділдікті ту еткен парасатты ойлар айтылып, жастардың азаматтық көзқарасы айқын көрініс тапты. Тақырыпқа орай ұйымдастырылған кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылып, құқықтық сана мен рухани жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған құнды еңбектер ұсынылды. Бұл тағылымды шара жас ұрпақтың бойында адал еңбекке, таза қоғам құруға деген сенімді нығайтып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика