29.02.2024
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасында Үшарал қаласындағы орта мектептердің және ауылдық кітапхана кітапханашылары мен С.Иманасов атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген -қаламгер» атты әдеби кеш өтті.
Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға шақырып,сонымен қатар шара барысында оқушылар «Менің атым Қожа» киносынан көрініс көрсетіп, өлең шумақтарын оқыды. Кітапханамыздың библиографы А.Қабидоллақызы кітап көрмесіне жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Шара соңында орталық кітапхана директоры Ж.Омарова белсене қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.