Оқиғалар

ЖЕТІСУ-КІТАП КЕРУЕНІ

ЖЕТІСУ-КІТАП КЕРУЕНІ
15.03.2024
21
Алакольская районная библиотека
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының бастамасымен жергілікті өлкенің ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің кітаптарын басқа аудандарға насихаттау мақсатында  «Жетісу – кітап керуені» жобасы бастау алды. Осыған орай, Алакөл аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде “Жетісу-кітап керуені” өтті. Алакөл төріне кітап керуенімен Текелі қалалық кітапханасы мен ақындары қонаққа келді. Салтанатты жиынды аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Бейбіт Ерікұлы Айтахметов наурыз мерекесімен құттықтай отырып, Алакөл өңірінен шыққан ұлы ақын жазушылар туралы айтып өтті. Алакөл ауданының құрметті азаматы Жеңіс Жұманов атамыз да жылы лебізін жеткізсе, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Алакөл ауданының құрметті азаматы Тезекбай Садиев ақсақал жиналған қауымға ақ батасын берді. Игі бастаманы бастап келген Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана директоры Самал Қанатханқызы Шаяхметова сөз алып, кітап керуенінің маңыздылығы жайлы тоқталып өтсе, облыстық кітапхананың кітапханашысы Ешенова Ғалия Самигулқызы рухани қазынамыз кітап жайлы айтып өтті. Табиғаты тамаша өлкеден келген Текелі қалалық кітапхана директоры Рахила Амангелдіқызы Кушекпаева ұжымымен жергілікті ақын-жазушыларының шығармаларын таныстырып, Алакөл аудандық орталық кітапханасына 50 дана кітап сыйға тартты. Сондай-ақ, ақын, ұстаз Қанатай Иманғалиев пен «Алакөл» газетінің бас редакторы Алмат Есенбеков Алакөл өңірінің ақын-жазушыларына тоқталып, қонақтарға арнайы өлең шумақтарын оқыды. Өңірімізден шыққан ақын жазушыларымыздың шығармаларын алыстан келген қонақтарға таныстыру мақсатында «Құт дарыған киелі өлке»тақырыбындағы «Кітап дефилесі» халық назарына ұсынылды. Алакөл аудандық орталық кітапханасының директоры Жанар Мелсқызы Омарова мен аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б.Айтахметов Текелі қалалық кітапхана ұжымына Алакөл өңірінен шыққан ұлы ақын-жазушылардың кітаптарын таныстырып, 100 дана кітап сыйға тартты. Жиын соңы З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының ән шашуларымен ұласты.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика