23.04.2024
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасында 23 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай, «Кітап шоу -2024» кітап фестивалі аясында «Кітап - сарқылмас күш» библиопатия ұйымдастырылды. Шараға ауданымыздың Алакөл ауданының құрметті азаматы, ақын Тезекбай Садиев Жанасылұлы, Абай орта мектебі мен Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушылары мен ұстаздар, мектеп кітапханашылары қатысты. Шара барысында «Әдеби лото» лоторея сұрақтары қойылып, сурет бойынша мақал-мәтелдерді табу және «Менің соңғы оқыған» кітабым айдары бойынша оқушыларымызға сұрақ-жауап алынды.Сонымен қатар жастар филиалының психолог маманы Жұлдыз Бауыржанқызы «Кітап» туралы викториналық сұрақтар мен «Кім жылдам» атты тренингтер өткізді. Шара соңында жергілікті ақын-жазушыларға арналған кітап көрмесімен библиограф Айгул Кабиоллақызы таныстырды, ақын Тезекбай Садиев Жанасылұлы бүгінгі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, шараға қатысып отырған жастарға ақ батасын берді. Аудандық кітапхана директоры Жанар Мелсқызы Омарова мерекемен құттықтап, шараға белсене қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады. Шараға 45 адам қатысты.