11.06.2024
Алакольская районная библиотека
Биыл Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл.
Осыған орай, аудандық орталық кітапханада ҚР ҰҚК Шекара басқармасының жас сарбаздарымен «Қайсар ұлы халқымның» атты портреттік кеші өтті.
Рухани кеште батырдың өмірі, тарихы мен өшпес ерлігі туралы сөз қозғалды. Сапар Сапар ұлттық домбырамен Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйін ойнаса, Ерлік Қазыбек өлең шумақтарын арнады.
Шара соңында ҚР ҰҚК Шекара басқармасының Кәсіптік және техникалық дайындық бөлім бастығының орынбасары подполковник Айдын Дарибаев аудандық орталық кітапханаға оқырмандар үшін арнайы «Шекарашы», «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» атты кітаптарын сыйға тартса, Алакөл аудандық орталық кітапхана ұжымы да Шекара басқармасының жас сарбаздарына ақ айдынды Алакөл ауданының «Алты Алаштың Алакөлі» атты кітабын тарту етті.