05.03.2024
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық кітапхананада наурыз айының 4-5 аралығында "Book Fair" кітап жәрмеңкесі кітапсүйер қауым үшін ауданымыздағы «Диана» кітап дүкені мен жергілікті ақын-жазушыларының кітаптарын қолжетімді бағада сатып алу мақсатында ұйымдастырылды. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған ішкі саясат, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Айтахметов кітап жәрменкесінің аудан тұрғындарына маңыздылығы туралы айтып, жергілікті ақындар Т.Садиев, Қадырсұлтан Нүсіпхан өз шығармаларынан үзінді оқыды. Әдебиет сүйер қауым үшін шарада жас ақын Абзал Сүлейменнің «Желге ұшқан түстер» кітабының тұсау кесері, «Құт дарыған киелі өлке» тақырыбында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген, жергілікті ақын жазушылардың кітаптары мен мерей той иелерінің кітап көрмесі мен «Кітап дефилесі», «Muzycal party» атты музыка кеші, «Библио дәмханасы" ұйымдастырылды. Шараға қатысқан ақындар мен қонақтар кітапхана қорына өз кітаптарын сыйға тартты. Біздің данышпан халқымыз: «Ән – көңілдің ажары» дегендей шарада мәдениет үйінің өнерпаздары мен М.Мыңбай атындағы мектептің оқушыларының өнерін тамашалап, оқушылар жергілікті ақындардың өлең жолдарын жатқа айтты. Кітап жәрменкесі аудан тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыру үшін жалғасын табады.