27.06.2024
Алакольская районная библиотека
Жетісу облысының мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жетісу – кітап керуені» ұйымдастырылды. Осыған орай аудандарда бір-біріне кітаптарын сыйға тартып, жобаны жалғастыру үшін айдынды Алакөл төрінен Жетісудың жүрегі Талдықорған қаласына жергілікті ақын – жазушыларымыздың шығармаларымен таныстырып, олардың кітаптарын сыйға тарту мақсатында «Өлкемізді өзгелерде танысын» атты шара өтті. Қатысқандар аудандық Аманат» партиясының төрағасы Көкебаев Қайрат Төребайұлы, Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Айгүл Хиаг, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, ақын Нүсіпхан Қадырсұлтан, ақын Абзал Сүлейменов пен ауылдық және мектеп кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Шара барысында мәдениет үйінің әншілері ән орындаса, кітап көрмемен библиограф таныстырып өтті. Шарада зиялы қауым мен ақын жазушылар кітап керуеніне сәт сапар тіледі.