Оқиғалар

ЖЕТІСУ КІТАП КЕРУЕНІ

ЖЕТІСУ КІТАП КЕРУЕНІ
28.06.2024
21
Алакольская районная библиотека
Жетісуда «Кітап керуені» жобасы жалғасып жатыр. Осыған орай, Талдықорған қаласының қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен “Жетісу кітап керуені” өтті. Талдықорған төріне кітап керуенімен Алакөл аудандық кітапханасы мен ақындары қонаққа келді.Салтанатты шараға Жетісу өңірінің зиялы қауым өкілдері мен жас дарындары арнайы шақырылып, игі бастамаға атсалысты. Тың жобаның мақсаты: кітапхананың кітап қорын арттыру, әдеби құндылықтарын дәріптеу. Алакөлдік қонақтарды дәстүрлі әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі А.Ысқақов әсем әнмен қарсы алды. Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Рысбаева кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған жобаның маңыздылығына тоқталып өтті. Жетісу облысы С.Сейфуллин орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова кітап – адамзат үшін асыл қазына, рухани байлық екендігін айтып, кітап керуенінің мақсаты өңірлердегі әдебиеттердің осы жоба арқылы қала, аудандар арасында бір-бірімен алмасатындығын айтты. Алакөл аудандық кітапханасының директоры Жанар Омарова жергілікті ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстырып, қалалық кітапхана қорына 50 дана кітаптарын сыйға тартты. Талдықорған қалалық кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова сыйға берілген кітаптар алдағы уақытта оқырман қауымға ұсынылатынын айтып, Алакөл аудандық кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, 100 дана әдебиеттерді сыйға тартты. Аталмыш шараға Алакөл ауданының құрметті азаматы, ақын Садиев Тезекбай Жанасылұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай, балалар жазушысы Жұмабала Балақаранова, ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімхан, ақын, Республикалық, Облыстық, қалалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы Азамат Нұрмұхан арнайы қатысып, бастамаға қолдау білдіріп, жиналған қауымға ізгі тілектерін арнады. Шарада жетісудың жас дарындары Жұмағазы Жайық, Құрманғажы Нұрдаулет, Елемесұлы Есбол өлкеміздің ақын-жазушыларының өлеңдерін оқып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика