Оқиғалар

АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 100 КІТАП

АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 100 КІТАП
18.07.2024
18
Алакольская районная библиотека
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен елімізде “Ауыл кітапханаларына 100 кітап” атты акция жүзеге асуда. Аталмыш шара аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы табыстаған таңдаулы 100 кітапты Жыланды ауылдық кітапханасына тапсыру шарасы өтті. Шараға “Аманат” партиясының аудандық филиалының төрағасы Көкебаев Қайрат Төребайұлы, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және кітапханашылар қатысты. Сөз алған “Аманат” партиясының аудандық филиалының төрағасы Көкебаев Қайрат Төребайұлы игі бастаманың өскелең ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталып, ары қарай да жалғасын тапса деген ниетін жеткізді. Алакөл аудандық кітапхананың директоры Омарова Жанар Мелсқызы таңдаулы 100 кітапты Жыланды ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақтымбаева Айгүлге табыстап, ары қарай білім бұлағын қалың оқырманмен қауыштыруын тілек етті. Қатысқандар саны - 25.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика