Оқиғалар

"АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ"

19.08.2024
23
Алакольская районная библиотека
2024 жылдың 19 тамызында Алакөл аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай күніне орай «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты байқау өтті. Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде Абайдың шәкірттерінің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқып, өз арнауларын оқыса, екінші кезеңде «Ұлылар әлемі» тақырыбында эссе жазды. Байқауда аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Қияқ , «Тіл» әдістемелік оқыту орталығының меңгерушісі Р.Сейтханова, «Alakol jastary» филиалының жетекшісі Г.Базылханова қазылық етіп, әділ бағаларын берді. Сайысты қорытындылай келе, аудандық кітапхана директоры Ж.Омарова Қазақстан ауылы Қабанбай батыр атындағы ОМ 10 сынып оқушысы Байжұма Дария III орын, II орын Екпінді ауылы Ә.Әлімжанов атындағы ОМ 10 сынып оқушысы, I орынды Қабанбай ауылы М.Жұмабаев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы иеленіп, қатысушыларға алғыс хаттармен марапаттады. Қамтылғандар саны:27.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика