Оқиғалар

"KITAP TIME - 2024"

20.09.2024
20
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 20 қыркүйек күні «КІТАР time-2024» ІІІ жалпы Республикалық кітап фестивалі аясында өзіміздің өлкеміздің тумасы, жергілікті ақын, жазушы Ғұсман Жандыбаевтың 80 жасқа толуына орай «Жырлайды ақын жүрегі» атты әдеби шаңырақ ұйымдастырылды. Кешімізге Алакөл ауданының құрметті азаматы, ақын Т.Садиев, ақын, аудармашы,қолөнер шебері А.Сулеймен, ақын Қ.Иманғалиевтар арнайы шақырылып, жырдан шашу шашып,ақ баталарын берді және де ақын әрі суретші Қанатай ағамыз ақынның жас кезіндегі портретін кітапханамызға сыйға берді. Сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы, С.Имансов орта мектептерінің оқушыларының орындауында ақынымыз Ғұсман Жандыбаевтың өлеңдерінен үзінділер оқылып, «Мен қазақпын» өлеңін тамашаладық. Кешіміздің жалғасын «Жастар» орталығының психолог маманы Жанатқызы Елдана оқушылармен «Мен өзімді қандай затқа теңеймін» атты қызықты тренинг жүргізіп, оқушыларымыз өз ойларын ашық жеткізе білді. Сонымен қатар кітапханамыздың библиографы Айгул Қабидоллақызы «Құт дарыған киелі өлке» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып өтті. Кешіміздің соңында аудандық кітапхана директоры Ж.Омарова кешімізге қатысушыларға алғысын білдіріп, кітапханамыздың тұрақты оқырмандарына, келген қонақтарымызға алғыс хаттармен сыйлықтарын берді.Шараға қатысқандар-35.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика