Оқиғалар

"БІР ҮЗІК СЫР" АЙДАРЫ

23.09.2024
25
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жаңадан " Бір үзік сыр" айдары ашылды. Аталмыш айдар аясында жиналғандар сырласып, ой бөлісетін шараның тұсаукесері "Махаббат - мәңгі ертегі" деген тақырыпта өтті. Шараға аудандық ішкі саясат, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Қияқ, "Тіл" оқыту орталығы мен "Алакөл жастары" орталығының және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен кітапханашылар қатысты. Қатысушылар махаббат тақырыбында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән шырқады. Артынша ортаға тасталған сұрақтар бойынша пікір алмасып, ой бөліскен нәзік жандылар рухани әңгімемен сусындап, бір серпіліп қалды. Алдағы уақытта игі іс жалғасын тауып, түрлі тақыраптағы бас қосулар ары қарай да ұйымдастырылатындығы айтылды. Шараға қатысқандар саны- 15.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика