27.09.2024
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында кітапханашылар арасында «Балаларды оқытудағы жаңа тәсілдер» атты іс—тәжІрибе алмасу семинары өтті. Семинарды аудандық кітапхана директоры Ж.Омарова ашып, кітапханалардағы өзекті бағыттар жайлы сөз қозғады. Әдіскерлік бөлімнің меңгерушісі А.Кумпейсова «2024 жылдың 9 айдың атқарылған жұмыстары мен бағыттары» туралы айтып өтсе, аудандық балалар мен Қабанбай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашылары Ж.Нусипова мен Ж.Қурманбаева кітапханаға оқырман тарту үшін жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, қызықты ойындар ойнатты. Орталық кітапхананың кітапханашысы А.Даркамбаева «Заман талабына сай жаңа шаралар маңыздылығы» атты тренинг өткізіп, қызықты шаралардың өту бағыттарымен таныстырды. Қызылащы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Саябаева ауыл кітапханасының шара өткізудегі мүмкіншіліктерін жаңа қырынан көрсетіп, өз іс -тәжІрибесімен бөлісті. Аудандық орталық кітапхана кітапханашысы С.Дүйсенбаева кітап қорын орналыстыру туралы ақпарат берсе, библиограф А.Бодауова кітап көрмесінің жұмыстар мен библиографиялық көрсеткіштің жасалуы туралы айтып өтті. Семинарға қатысушылар орталық кітапханадағы жаңашылдық пен тың идеялардан алған тәжірибенің мол болғандығын алға тартып, өздерінің ризашылықтарын білдірді. Семинарға 31 кітапханашы қатысты.