24.09.2024
Ескельдинская районная библиотека
24 қыркүйек күні Көкжазық ауылында ауылдық округтер арасында “Ауылым—алтын бесігім”атты байқау өткізілді. Осы орайда, ауылдық кітапханашылардың ұйымдастырумен Ескелді ауданы туралы және Ескелді ауданынан шыққан ақын, жазушылардың кітаптары қойылды. Сонымен қатар, биылғы жыл таңдауы болған “Бір ел —бір кітап”акциясы аясында кітаптары жыл бойына насихатталатын Бердібек Соқпақбаевтың, жас ұрпақты білімге, ғылымға баулу мақсатында түрлі жанрдағы ақын, жазушылардың кітаптары ұсынылды. Қазіргі заманға сай әр адам телефон құрылғысынан QR код арқылы таба алатындай мобильді кітапхана көрсетілді. Балаларға арналған 3Д форматындағы “Bigdrem” бағдарламасымен кітаптар көрсетіліп, оқырмандарға жаңашылдық насихатталды. Және де үздік оқырмандар Бақтыбай Айданақ пен Арнұрұлы Инсардың, кітапханашылардың марапаттары да таныстырылды. Кітаптардан түрлі инсталляциялар жасалып, оқырман назарына ұсынылды.