20.09.2024
Ескельдинская районная библиотека
Ескелді аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өнер көзі халықта» атты «Кітап Тайм» III-жалпы республикалық кітап фестивалі 20 қыркүйек күні өткізілді.
Байланып ғаламның торына,
Жығылдық желінің жолына.
Сайттың түр түрін оқимыз,
Кітапты оқудың орнына демекші Кітаптайм іс-шарамызда телефонға телміріп, желімен жабысып уақытын ұрлатқан ұрпақпен оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу мақсатында өткізілген шарада «Өлең сөздің патшасы» атты жергілікті жазба ақындармен кездесу өткізілді.Ауданымыздың белгілі ақыны, композитор Нұрқайрат Майқан ұлы және ақын Шәукен Шинақызы.
Әдіскер Бақытгүл Әбілмажын қызының шара ашуымен басталған сөзінен соң ақындар өздері жазған шығармаларымен таныстырып жыр жолдарынан шашу шашты. Шара жалғасы «Өнер көзі халықта» тақырыбымен ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге өнер тарландары аталған Шәкен Айманов, Бикен Римова, Сәбира Майқанова жане тағы басқа өнер қайраткерлері топтастырылған көрме қызықты да тартымды өтті.
«Шебердің қолы ортақ» айдарымен ұйымдастырылған қол өнер көрмесі сан алуан қолдан жасалған бұйымдар қойылып қол өнердің маңыздылығы жайлы сөз қозғалды.
«Шахмат ақыл ойдың спорты» атты бөлімінде шахматтан оқырмандар арасында жарыс ұйымдастырылды. Шара соңында
қонақтарға сый сияпаттар көрсетілді.