Оқиғалар

«Кітап оқу көшбасшысы-2024»

«Кітап оқу көшбасшысы-2024»
16.10.2024
22
Каратальская районная библиотека
Оқырмандардың кітап оқу дәстүрін сақтап, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру және шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында 16 қазан күні С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқу көшбасшысы-2024» облыстық байқау өтті. Аталмыш байқауға аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Маженова Аселдің жетекшілігімен А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 8 ә сынып оқушысы Асқар Айгүл қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталып, үздік деп танылды. Айгүлді алған марапатымен құттықтаймыз!
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика