Оқиғалар

"Қарттарым - асыл қазынам"

01.10.2024
22
Каратальская районная библиотека
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қарт адамдарға құрмет көрсету мақсатында бекітілген. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – қарттардың қоғамдағы рөлін арттыру, оларға назар аудару және қолдау көрсету. Осы күні көптеген елдерде қарттарды құрметтеу, олардың мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету шаралары ұйымдастырылады. Осы мерейлі мереке күні,біздің ұжым да зейнетке шыққан ардагерлерімізгеқошемет-құрмет көрсетіп, "Қарттарым - асыл қазынам" атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өткізді.Кеште слайд көрсетіліп, түрлі қызықты ойындар ойнатылып, әннен шашу шашылды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика