Оқиғалар

"Жыр құлагері Ілияс"

08.10.2024
22
Каратальская районная библиотека
Адамгершілік мінез - құлықты, азаматтық-патриоттық ұстанымды қалыптастыру және оқушыларды поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай, Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Жыр құлагері Ілияс" атты тақырыпта поэзия кеші ұйымдастырылды. Кітапханашы І.Жансүгіров өз шығармашылығымен әдебиеттің жоғары қоғамдық, адамгершілік және азаматтық міндетін дәлелдегенін айтып өтті. Шараға мектеп оқушылары Аманкелді Айназым, Орманбет Жанболат, Шерімхан Айша қатысып, ақынның "Әншіге", "Желді қарағай", "Жауын", "Қырман", "Құлагер" өлеңдерін оқып берді. Шара соңында көрме жасақталып, көрмеге жазушының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, сондай - ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, фотосуреттер қойылды. Өзінен орасан зор шығармашылық мұра қалдырған Ілияс Жансүгіров, қазақ классикасының талантынан біз әрдайым шабыт аламыз.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика