10.09.2025
Каратальская районная библиотека
5 қыркүйек күні аудандық балалар кітапханасы «Тіл байлығы – мәдениет байлығы» атты әдеби калейдоскоп өткізілді.
Іс-шараға С. Морозов атындағы №51 мектеп-гимназиясының кітапханашылары мен 6-сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы балаларға Тіл мерекесінің шығу тарихын қысқаша баяндап, сұрақ-жауап пен жұмбақ жасыру ойынын ұйымдастырды. Шара соңында «Тіл – халықтың жаны» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.