Оқиғалар

"Есенберлин және әдебиет әлемі"

22.09.2025
29
Каратальская районная библиотека
Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, К.Тоқаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушылары мен тәрбие завучы Кебелдесова Мира Жанеркеқызының қатысуымен қазақтың танымал жазушы ,Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай "Есенберлин және әдебиет әлемі " атты тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Шара барысында кітапханашы, баяндама оқып, жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, хан-сұлтандардың, батырлар мен билердің тарихи рөліне тоқталып өтті. Конференцияда " Көшпенділер" романының тарихи оқиғаларды, жаңа өмір жолында жан аямай күрескен қаһарман кейіпкерлердің бейнесі ашылды.Ерікқызы Жанерке романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме жасады. Шара соңында"Ілияс Есенберлин-ұлт мақтанышы" атты библиограф лық шолу насихатталды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика