20.10.2025
Каратальская районная библиотека
Қаратал аудандық тарихи-өлкетану мұражайының акт залында Қаратал аудандық орталық кітапханасы мен тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын Назар Қалиұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Өлең – саған ғашықпын» атты танымдық кеш өтті.
Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, видео-слайд көрсетілді, естеліктер айтылды.
М.Горький мектебінің 8 «ә» сынып оқушысы Шәріп Ерасыл «Өлең – Өмірбаян» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.
Қаламгер Жексенбек Ақылбекұлы Сұлтанбеков ақын туралы естеліктерімен бөлісті.
Ақынның қызы Жібек Назарқызы әкесіне арналған арнауын оқып, жүрекжарды ойларын жеткізді.
Соңында «Өлең – саған ғашықпын» атты кітабына библиографиялық шолу жасалып, насихатталды.
Іс-шараға 60 адам қатысты