Оқиғалар

«Асқақ рух, мақтанышым, айбыным»

«Асқақ рух, мақтанышым, айбыным»
17.10.2024
26
Кербулакская районная библиотека
Тәуелсіздігімізді әлемге паш ететін, қазақ деген елді барлық әлемге танытатын құрал – ол мемлекеттік рәміздер. 4-маусым рәміздер күніне орай аудандық кітапхананың оқырмандар залыңда «Асқақ рух, мақтанышым, айбыным» атты сторителлинг өтті. Шараға мекеме қызметкерлері мен көпшілік оқырмандар қатысты. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы адамдардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру. Шара барысында библиограф А.Құрманбаева «Қазақстан рәміздері – елдігімнің белгісі» - атты баяндамасын оқыса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаз әншілері С.Айт, А.Терлікпаева және Е.Тұрысбековтың орындауларында «Қазақстаным», «Күреңбелім менің», «Көк тудың желбірегені» атты әндерін нақышына келтіре орындап көрермендер назарына ұсынды. Шара соңында кітапхана библиографы З.Жанаева «Ұлтымның ұлы құндылықтары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір азаматтың абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық, - деп жүргізуші М.Жүнісова аталмыш шараны қорытындылады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика