30.10.2024
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ аудандық кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap шоу - 2024» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Кітап фестивалінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, кітап оқуға тарту, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту. Фестиваль қатысушыларына түрлі бағдарламалар әзірленді. Осы орайда мерекелік іс- шара Д.Қонаев атындағы орта мектеп және Шанханай ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы оқушыларының кітапханаға саяхатымен басталды. Шара барысында оқырман залыңда «Кітап оқы» көрме-инсталляциясы қойылып, көрмеге қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер, мотивациялық кітаптар, фантастика мен детектив жанрындағы әдебиеттерімен толықтырылды. «Кітап беттерінің сиқыры» атты библио шар ұйымдастырылып, «Бұл кім?» ойыны, түрлі викториналар, мақалды жалғастыру тәрізді интеллектуалды ойындары ұйымдастырылып, ойнатылды. «Кітап – рухани әлемнің мөлдір бастауы» атты көрме ұйымдастырылып, оқушыларға библиографиялық шолу жасалынды. Сонымен қатар ашық аспан астында «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген «Буккроссинг» шарасы да ұйымдастырылды. Шараға қатысқан адам саны 83.