01.05.2024
Кербулакская районная библиотека
«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді», - деп дана халқымыз айтқандай, 1 – мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достастығы күні ретінде аталады. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Осы орайда Кербұлақ аудандық кітапханасы Сарыөзек орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» атты мерекелік кеш өткізді. Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандықтарды патриотизмге, елін, жерін сүюге, әр халықтың өнерін, оның рухани байлығын, ұлтының тілін, дінін, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Шара соңында «Бабалар соқпағы – бірлік пен Мәңгі жол, татулық, ынтымақ, береке – мәні сол» атты кітап көмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Шараға 32 адам қатысты.