09.05.2024
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ аудандық кітапханасы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Д.Қонаев орта мектебі мен Сарыөзек орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Майдангерлер, батырларым ер жүрек, Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!» атты дивертисмент кеші өтті. Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. Кітапханашы М.Жүнісова шараны «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты кіріспе бөліммен бастап Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ал кітапханашы С.Пржанова «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты шолуында Отанын қорғаған жауынгердің айбыны мен тылдағы жұмысшылардың тынымсыз ерліктері мен еңбектері жайлы, төгілген маңдай тер мен көл – көсір көз жастың қайырымы ұлы жеңістің шаттығын тойлау бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екендігін айтып өтсе, Сарыөзек орта мектебінің оқушылары жеңіс күніне арналған өлең жолдары мен тілектерін тарту етті. Жүргізушілер Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру – сіздер мен біздердің парызымыз деп шараны қорытындылады.