15.05.2024
Кербулакская районная библиотека
Отан – отбасынан басталады. Отанның негізі мен тірегі, қайнар көзі отбасы екендігі барлығымызға айдан анық. Отбасы – шыр етіп дүниеге келгеннен сәттен бастау алатын тәлім-тәрбие мектебі. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Осы орайда 15 мамыр Отбасы күніне аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Кербұлақ аудандық кітапхананың оқырмандар залыңда «Отбасы – кіші мемлекет» атты кездесу кеші өтті. Шараға отасқандарына жарты ғасырдан асқан ата-апаларымыз, үлгілі және көп балалы отбасылар қатысты. Кеш барысында қонақтар ұрпақ тәрбиесі мен болашағы жайлы білген ақыл кеңестерімен бөлісті. Ал аудандық мәдениет үйінің әншілері әсем әуендерімен кешті әрледі.