Оқиғалар

«Мен іздеген бір кітап»

«Мен іздеген бір кітап»
08.02.2024
16
Кербулакская районная библиотека
Ақпан айының 8 күні Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С. Сейфуллин атындағы кітапхананың қолдауымен және Кербұлақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мен іздеген бір кітап» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Кітап жәрмеңкесіне арнайы «Айнұр», «Гүлнар» дүкендері, кітапханамыздың тұрақты қарт оқырмандары Еркінбек Тергемес, Тоқтиярова Гүлжаһра, Нұрманова Жұмагүл, Нұрғалымова Раушан, Қатшыбеков Бауыржан және тағы басқа да кітап сүйер қауым шақырылып, қатысты. Айтулы шараны Кербұлақ аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» Ескелдинов Еділхан Ниязұлы ашып, келген қонақтарға ізгі тілегін білдірді. Сондай – ақ шара барысында ауылымыздың қарт тұрғыны, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Еркінбек атамыз бен Раушан апамыз кейінгі жас ұрпаққа кітаптың рухани азық және білім нәрінің бастауы екенін өз сөздерінде тілге тиек етті. Кітап жәрмеңкесіне орай ауданымыздың жас ақыны, Жоламан ауылдық мәдениет үйінің директоры Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған арнауын Сарыөзек орта мектебінің оқушысы Мағжан нақышына келтіре оқып шықты. Шара барысында Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, ақын Ғалымбек Имуханбеттіңің «Жыр жазамын ермек етіп...» атты өлеңдер жинағымен ұлы Ғалым Ғалымбекұлы таныстырды. Күреңбел қазақ орта мектебінде ұстаздық қызметін атқарып жүрген жас ақын, прозашы Олжас Бауыржанұлы кітап сүйер қауымға өзінің жыр – шумақтарын ұсынды. Бүгінгі шарада спорттық ойындардың ішіндегі тоғызқұмалақ, дойбы және шахмат түрлерінен ойын ұйымдастырылып, кітап сүйер оқырмандарға арнайы жақсы көңіл – күй сыйлау мақсатында жеміс - жидектермен тіске басар қойылып, дастархан жайылды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика