25.11.2024
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында «Кітап академиясы» жобасы аясында ақын, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» атты қолөнер шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Ақынның қазақ жеріндегі аласапыран төңкеріске дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыған қазақ даласында поэзияның, прозаның, драматургияның, аударма, балалар әдебиеті мен журналистиканың тамаша үлгілерінің дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқан жаңашыл қаламгер болғандығын көпшілік оқырамдарға дәріптеу.
Байқауға қолөнер шеберлігін игерген 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатысып бақ сынасты.
Байқау 3 кезең бойынша өтті:
1 кезең - Қатысушының өзін таныстыруы
2 кезең - «Өнер таусылмас азық»/қолөнер шеберлері өздерінің
туындыларымен таныстыруы/
3 кезең - «Білімді мыңды жығар...» І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылды.
Байқауға С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана директоры Шаяхметова Самал Қанатханқызы, Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Сейітжанова Күлпан Калкенқызы, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Әділхан Әділжан Әділханұлы әділ қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша Сарыөзек ауылдық округінен өнер мектебінің қызметкері Төлеген Махамбет Қажымұқанұлы І дәрежелі, Сарыөзек ауылдық округінен Күреңбел қазақ орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Танабекова Жадыра Увайдоллақызы және Қоянкөз ауылдық округінен Т.Құлыбеков атындағы орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Серікбаева Гүлнұр Қалтайқызы ІІ дәрежелі, Жоламан ауылдық округінен үй шаруасындағы ана Мухсейінқызы Кенжегүл және Шанханай ауылдық округінен бала күтімімен отырға ана Жансерке Айнұр ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараны Ә.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерімен көмкерді.