22.11.2024
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ аудандық кітапханасы және аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 20 қараша Ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Еңбек - елдің берекесі» атты мамандар күнін өткізді. Мақсаты: қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, еңбекке сүйіспеншілікті насихаттау.
Шараны кітапханашы кіріспе сөзімен бастап, алғашқы құттықтау сөз Сарыөзек ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Саудабаев Бидахмет ақсақалға берілді. Шара барысында әр ауылдық округтен келген қонақтарға қонақжайлылық көрсетіліп, Ә.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің әншілері сазды сәлемдерін жолдады. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Әділжан Әділханұлы еңбек адамдарын құттықтап, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.