Оқиғалар

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
13.08.2024
16
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Ш.Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу бойынша сайыс өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақынның шығармаларымен таныстыру; Қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармаларға қызығушылықты арттыру; Оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру. Сайыс 2 кезең бойынша өтті: 1) Ақын өлеңдерін жатқа оқу ; (өз таңдауы бойынша); 2) Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Шараға Сарыөзек ауылынан Укасова Нұрай, Шұбар ауылынан Салиева Тоғжан, Қоғалы ауылынан Абдрахман Арунай , Шанханай ауылынан Рахимбек Майра, Бостан ауылынан Асқарқызы Меруерт қатысып, сайысқа қатысушылар байқауға барынша дайындалып, өз өнерлерін паш етті. Байқау нәтижесінде 2 кезең бойынша жүлделі орын алған қатысушылар бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика