«Шоқан Уәлиханов қазағымның шоқ жұлдызы»
23.09.2025
Кербулакская районная библиотека
Шоқан Уәлихановтың қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен маңызды.
Тарихшы, этногроф, географ, ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай Жетісу облыстық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың бастамасы бойынша Кербұлақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Шоқан Уәлиханов қазағымның шоқ жұлдызы» - атты облыстық семинар өтті.
Шоқаны бар елдің шоқтығы биік. Осындай ғұлама ғалымның Күреңбел жерінде соңғы күндерін өткізгенімен, Көкше өңірінің топырағынан жаратылса да, қабірі біздің жерімізде, жер жанаты Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылында жатқандығы барлығымызға мәлім.
Семинарға қатысқан құрметті қонақтар:
✨Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары - Әденов Нұрлан Бақтыбайұлы;
✨Алматы қаласынан келген белгілі шоқантанушы және аттилатанушы,т.ғ.к,көрнекті испанист,танымал аудармашы, Мадрид (Complutense) университетінің профессоры - Өтениязов Самат Көшенұлы;
✨Кербұлақ аудандық аумақтық инспексиясының басшысы, «Тезек Төре», «Тезек төреге қатысты жыр - айтыстар антологиясы» атты зерттеу кітаптары және бірнеше жеке жинақтардың авторы, «Кенесары хан», «Тезек Төре – 200», «Бопай ханша» жинақтарының авторы - Ақылбеков Азамат Бақтыбайұлы;
✨ Ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, 100 – ге жуық ғылыми мақалалардың авторы, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы», Кербұлақ ауданының әнұранының авторы - Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы;
✨ Жетісу облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы,ҚР Жазушылар одағының мүшесі,өлкетанушы,Тезек төре және Шоқантанушы дүниежүзілік, «Шыңғысхан» академиясының академигі,бірқатар тарихи-танымдық, ғылыми зерттеу мақалалардың авторы, тарих ғылымдарының магистрі Ақылбеков Бағдат Бақтыбайұлы;
✨ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Деканы, физика – математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – Ілияс Жансеркеұлы;
✨Жетісу облыстық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана директоры Шаяхметова Самал Қанатханқызы және Жетісу облысына қарасты аудандық кітапхана директорлары;
✨ «Кербұлақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы Бекбатырова Гүлмира Дүйсенбекқызы;
✨Кербұлақ ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рысбек Бөкен Қабиұлы;
✨Кербұлақ ауданының әйелдер кеңесінің төрайымы Ақбасова Ғалия Ниязқызы;
✨ «Кербұлақ жұлдызы» газетінің бас редакторы Оңалбаева Ләйлә Ескендірқызы.
Аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлері.