Сарыбастау ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Тазалық - денсаулық кепілі" атты кітап көрмесі қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: оқушыларға тазалық пен гигиенаның адам денсаулығындағы маңызын түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету. Тазалық мәдениетін насихаттау арқылы жастарды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.