08.10.2025
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен "Ертегі әлеміндегі ғажайыптар" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: балаларды ертегі арқылы ізгілікке, мейірімділікке, адамгершілікке баулу, қиял-ойларын дамыту, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақ халық ертегілері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Оқушыларды ертегілер әлемімен таныстыра отырып, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.