Кербұлақ аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Табиғат аясында сырласу» атты опен-эйр өткізілді. Мақсаты:
оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ашық аспан астында еркін қарым-қатынас пен сырласуға жағдай жасау, бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.