08.10.2025
Кербулакская районная библиотека
Биыл 2025 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жалпыұлттық оқуға поэзия жанры бойынша ақын мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР-ң Әнұран авторы 90 жылдық мерейтой иесі Ж.Нәжімеденовтың және проза жанры бойынша көрнекті жазушы, аудармашы Т.Әлімқұловтың шығармаларын жыл бойы оқуға, насихаттауға ұсынылды. Осы орайда Шаған ауылдық кітапханасының ұйымдастырумен «Өлеңде жүрегімнің дірілі бар» атты кітап көрмесін өткізді. Мақсаты: Отандық әдебиетті насихаттай отырып, тарихи-мәдени және рухани сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу.