Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік жыл әдіскері» байқауы өткізілді. Облыстық байқауға белсене қатысып, өзінің жоғары деңгейдегі әдістемелік даярлығын, кәсіби шеберлігін және жаңашыл идеяларды жоғары дәрежеде көрсеткені үшін Кербұлақ ауданының кітапханашысы Сейдахметова Жанар 1 – дәрежелі «Дипломмен» марапатталды.