15.10.2025
Кербулакская районная библиотека
Аудандық кітапхананың кітапханашыларының ұйымдастыруымен, Д. А. Қонаев атындағы орта мектебінің кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты пікір талас өткізілді. Мақсаты:қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға өз ойларын ортаға салу, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке баулу, ой өрістерін дамыту.