15.10.2025
Кербулакская районная библиотека
Оқырмандар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқыған кітапты өзгемен бөлісу арқылы рухани байыту, кітап алмасу дәстүрін насихаттау мақсатында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» буккроссинг ұйымдастырылды. Кітапханашы қатысушыларға буккроссингтің мәні мен маңызын түсіндіріп, ережелерімен таныстырды. Әрбір қатысушы өз оқыған кітабын ұсынып, өзгелердің әкелген кітаптарын таңдап алды. Оқырмандар кітаптар туралы пікірлерімен бөлісіп, өздері ұсынған шығармалардың мазмұнына қысқаша тоқталды. Оқырмандар өзара кітап алмасып, қызықты кітаптармен танысты.