Талдыбұлақ ауылдық кітапханасы ұйымдастырумен Ұлы Отан соғысының қаһарманы Рахымжан Қошкарбаевтың туғанына - 100 жыл толуына орай "Қазақтың қос батыры" атты еске алу кеші өтті. Мақсаты: Ұлы Отан соғысының қаһарманы Р. Қошқарбаевтың ерлігін ұрпақ жадында сақтау, жас ұрпаққа отансүйгіштік, батырлық пен елге адал кызмет ету рухын сіңіру.