21.10.2025
Кербулакская районная библиотека
Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету залында кітапханашылардың ұйымдастыруымен, 24 қазан кітапханашылар күніне орай «Кітапхана білімнің - биік белгісі» атты мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға кітап әлемі туралы түсінік беріп, кітапхана тарихымен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапқа, кітапханаға, кітапханашыларға құрметпен қарауды түсіндіру.