30.10.2025
Кербулакская районная библиотека
24 қазан кітапханашылардың кәсіби мерекесіне арналған «Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық» атты жиында Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашылары марапатталды.✨️Усабаева Нұрқайрат Сағынбайқызы. Министірдің «Алғыс» хатымен, ✨️Қоқысбекова Жанар Тайғақбайқызы ҚР Ұлттық кітапханасының «Құрмет» грамотасымен, ✨️Идрисова Гүльназ Абдрасілқызы ҚР Ұлттық кітапханасының «Алғыс» хатымен, ✨️Төстекбаева Жұмакүл Жебегенқызы, Жетісу облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет » грамотасымен,✨️ Қалиақпарова Әсем Жаңажолқызы Жетісу облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының «Алғыс » хатымен. Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен « Үздік әдіскер» байқауында, үздік атанған Кербұлақ ауданының намысын қорғап байқауға қатысқан Қоянкөз ауылдық кітапханасының кітапханашысы ✨️Сейдахметова Жанар Чайхиданқызы Дипломмен марапатталып, «Үздік жыл әдіскері» номинациясын жеңіп 150 мыңдық сертификатпен марапатталды. Құрметті әріптестер! Сіздерді бүгінгі марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, творчествалық табыс, еңбектеріңізге жеміс, сәттілік серік болсын.