Оқиғалар

«Кітап көзі ашыққа - маржан»

«Кітап көзі ашыққа - маржан»
10.11.2025
36
Кербулакская районная библиотека
3-қараша 2025 жылы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастырумен «Кітап көзі ашыққа - маржан» атты тәрбие сағаты өткізілді . Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқудың маңызын түсіндіру, жас ұрпақты білімге, ізденіске баулу. Кітап — рухани байлық көзі екенін ұғындыру, кітап оқу арқылы адам ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын тереңдететінін көрсету. Іс-шара кітапханашының кіріспе сөзімен басталды. Ол кітаптың адам өміріндегі маңызын, рухани байлық пен білімнің бастауы екенін атап өтті. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары жайлы әңгімелеп, кітап оқу жайлы ойларымен бөлісті. Сұрақ-жауап ойыны арқылы қатысушылардың білім деңгейі мен қызығушылығы байқалды. Іс-шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірілді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика