Кербұлақ аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен "Табиғаттың тылсым сырлары" атты экологиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға табиғаттың тылсым сырлары жайлы түсінік беру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ұғындыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыру.