03.12.2025
Кербулакская районная библиотека
Теңге - Қазақстан егемендігінің, тұрақтылығының, ұлттық бірегейлігінің символы. Ұлттық валютаны құрметтеу-тәуелсіздікті құрметтеу. Осы орайда Қоянкөз ауылдық кітапханасы “Теңге-Тәуелсіздік ел таңбасының кепілі” атты ақпарат сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Қазақстан ұлттық валютасы -теңгенің тарихын, оның мемлекет тәуелсіздігі үшін маңызын түсіндіру, ұлттық теңгенің ерекшеліктері мен қауіпсіздік белгілеріне назар аудару, оқушылардың отансүйгіштік сезімін, ұлттық құндылықтарға құрметін арттыру.