25.12.2025
Кербулакская районная библиотека
Желтоқсан айында Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашылары халық ақыны, әнші, композитор Шашубай Қошқарбаевтың туғанына 160 жыл толуына орай «Өнер әлемінде ерекше орын алған Шашубай» атты тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылды. Мақсаты; оқырмандарға халық ақыны, әнші, композитор Шашубай Қошқарбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан ақпарат беру. Қазақ елінің белгілі өнер қайраткерлерінің шығармашылығына қызығушылығын арттыру. Кітапханашы кіріспе сөзбен бастап, халық ақыны, әнші, композитор Шашубай Қошқарбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беріп, кітап көрмеге библиографиялық шолу жүргізді. Ақын өз қызметінде ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен насихаттап, жұртшылыққа таратқан; қисса –дастандар мен толғауларды жатқа айтқан.1941 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағына ие болған.